Соңғы жаңалықтар

Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары

Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір созбен негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері. Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мәселені салыстырмалы түрде, жіктеп қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар» деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Мысалы Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл әртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-әрекеттің мүмкіншілігі. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған әлемдік марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-әрекеттің бәрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі, кейбір әлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбір қаулыларына қарсылық марштары) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді. Экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе бұл құбылыстың негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады. Бұндай мүдделердің, қарама-қайшылықтардың масштабы әр түрлі болуы мүмкін: жеке индивидтің жеке «Мендік» мүддесінің бүкіл қоғамға қарсы тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады. Қанда да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің шешімін табу үшін шектен шыққан методтарға көшуі әбден мүмкін. Деобанд мектебі мен Таблиғи жамағаттың байланысы 10.12.2022 Ата-ана, абай бол! Балақай, байқап жүр! 09.12.2022 Экстремизмнің кең және нақтылы өлшемдеріне бағаны берген Ресейлік эксперт М. Краснов. Оның ойынша экстремизмге мынадай идеяларды, бағыттарды, доктриналарды таратуға бағытталған әрекеттерді жатқызуға болады: адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу; адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару; ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою; бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату; Британдық зерттеуші Ширин Акинердің ойынша өз идеялары оз өмірлеріне ғана қолданып қоймай заңды тұрде де, заңсыз да барлық мүмкін әдістерді қолдана отырып, қоғамға қолданғылары келетіндердің барлығын, экстремистерге жатқызуға болады. Кейбір жағдайда бұл терроризмге жетіп қоғамға үлкен қауіп туғызуы мүмкін. Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б. Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б. Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік өркениеттің горизонттарынан орын алуға мүмкіндік береді. Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі. «Сонда шешім қайда? Шешім қандай жағдайда болсын нақтылы болуы шарт. Дерексіз шешім болмайды. Шешім жасау үшін нақтылы тарихи, әлеуметтік, қоғамдық, саяси, мәдени жағдайды есепке алуымыз керек. Нақтылы жағдай – Қазақстан Республикасы, яғни, мәселе осы мемлекеттің мазмұнына, оның мүддесіне орай шешілуі керек[1]. Елбасымыздың үстіміздегі жылы елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, сайып келгенде, еліміздің серпінді дамуын қамтамасыз етумен өзіміз алдымызға қойған асқақ міндетті ойдағыдай орындаудың негізі болып табылатыны белгіленді. Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қаралды. Қазақстан Республикасының басқару тәртіптері мемлекетіміздің Ата Заңы Конституцияда белгіленгендіктен ол талаптар қоғамның әрбір мүшесі тарапынан орындалуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылған. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынады. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң жобасына сәйкес, экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға тиым салынса, «Экстремизмге қарсы күрес туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының аумағында экстремистік бағыттағы ұйымдардың, бөлімдердің ашылуына және олардың қызметіне тиым салынған. Қазақстан Республикасының Конституция сында ар-ождан бостандығы мен діни бостандықтың принциптері, әр түрлі конфессияларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құруға тең құқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы принциптер бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер дайындалып шығарылды. Қазақстандағы қандай да болмасын діни бірлестіктіктердің қызмет етуінің нормативтік құқықтық негізі белгілі дәрежеде әзірлен гендігіне қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рольі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осы еліміздегі белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анық та, айқын аңғарылуда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың елімізде еркін қызмет жасауының көрінісі. Мұндай әсірешіл нышандар діни фундаментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы әбден мүмкін. Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірлі өзгешелікке ие. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін мейлінше күрделі мәселе. Бүгін Қазақстан әлемге тек мұнай өндіруші ел ретінде ғана емес, сондай-ақ Бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы ретінде де жақсы таныс. Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды, осы заманғы өзекті әлемдік діни, саяси, өркениетаралық мәселелерді шешу үшін жиналады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осындай кездесулерінің соңғысында еліміздегі конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осы бір кездесуінде конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі принциптері айқындалды. Олар: толеранттық, өзара құрмет көрсету мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан діни наным бостандығын қамтамасыз етті, конфессияаралық диалог пен діни құқықтық саясатты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бізде әртүрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген» – деп айтылған. Әрине, дін біріктірудің, интеграциялық процестердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше ортақ белгілер мен ұқсас принциптері, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастаманы іздеуіміз керек. Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде терең тамырлар мен көне дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе несториандық және яковиттік тармақтары) ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни толеранттылык иен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің әділ айтқанындай: «Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың сөзіне деген ашықтық. Бұл Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлттық конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс»[2]. Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет. Сырттай қарасаңыз Қазақстанда діни түсіністік пен татулыққа арналған шаралардың бүкіл әлемге ықпалы айтарлықтай бола қоймайтын секілді. Бұл күндері әлемнің түкпір-түкпірінде дінаралық, ұлтаралық қақтығыстар болып жатса, оларға Қазақстандағы түсіністікке, тату, бейбіт өмір сүруге шақырған жиындардың ықпалы қандай болмақ? Таяу Шығыстағы еврейлер мен Арабтардың арасындағы діни қақтығыстар мен соғыстар, Үндістандағы дінаралық және ұлтаралық қарсыласулар, Еуропадағы сербтер мен албандар арасындағы дүрдараздық, тіпті көршілес Ресейдегі орыстар мен шешендердің, Кавказ халықтары арасындағы қақтығыстар мен Ресейде шовинизмнің бой көрсетулері секілді оқиғалар қаншама? Соларға Қазақстандағы татулық пен келісім қандай дәрежеде әсер ете алмақ? Әрине, бұл жөнінде саясаткерлер түрлі болжамдар пен пікірлер түйіндеуде. Қазақстанның жауапты органдарының, Ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне қарағанда, діни саяси экстремизм және фанатизм Қазақстанда да бар, ал бұл әрекеттердің өкілдері хизбуттахриршілдер мен «Мұсылман бауырлары» ассосациясы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас болып басқа да мемлекет адамдарының әрекет етуіне түрткі болып, шара қолдануға мәжбүр етті. Сондай-ақ, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты кітабында бұл жөнінде былай деп айтады: «Фундаменталистер мен экстремистердің мақсаты – Қазақстанның мұсылман халқы. Осы орайда Қазақстанда үш мыңнан астам діни топтардың, 40-тан аса діни мәзхабтардың ұйғарымымен «Терроризммен күрес жүргізу ұйымы» атты ұйым ұйымдастырылды. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев, тәуелсіздіктің 11 жылдығын кұттықтау шаралары шеңберінде жасалған Облыс әкімдері Мемлекеттік Кеңесіңде ел үшін маңызды мәселелердің бірі «діни ұйымдар және олардың өкілдерінің жүргізген жұмыстарының ұлттық кауіпсіздік күштері тарапынан қатаң бақылауға алынуы» керектігін айтты. Елімізде «Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты радикалды ұйымдардың өкілдері көбейді. Олар насихаттап жүрген Конституциямызға қарсы уағыздар қазір қазақстандықтарға таңсық болудан қалды. Егер де жоғарыда аталған радикалды ұйымдар дәл осы қарқынмен тарала берсе, ол Қазақстан халқының ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуіне, демократиялық реформалардың халық санасында орнығуына әжептәуір кедергі болады. Сондықтан, Қазақстан халықтарының индустриалдық қоғам құрып, ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуі үшін ең алдымен бұған кедергі болатын діни фундаментализмнің табиғатын анықтап, теократиялық елдердегі ортодоксальді исламның ерекшеліктерін байыптауымыз керек. Өйткені, халқының 60 пайызы мұсылман болып саналатын отанымыздың ендігі тағдырына исламның әсері мол болатыны анық. Елімізде ислам дінін ұстанушылардың көбейе бастауы бұл діннің принциптеріне ерекше назар аударып, жан-жақты талқылау қажеттігі сөзсіз. Ислам дінінде саяси – қоғамдық, рухани өмірдің барлық саласы қамтылған. Солардың бірі діни сенім және діни төзімділік мәселесі. Ислами идеяларды өркениеттік тұрғыда қабылдап, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында қолдана білсек, біздің қоғамдағы біраз мәселелер шешімін табар еді. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

Нағима Байтенова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, философия ғылымдарының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Ақсуда балконмен бірге құлап кеткен әйел көз жұмды

azatmedia

Ринат Зайытов: «Nur Otan» партиясына баруға дайынмын»

azatmedia

Қазақстанда жаңа телеарна ашылады

azatmedia