Діни экстремизмнің мағынасын, мақсаты мен мұратын айтып та, жазып та келудеміз. Оған тоқталудың аса қажеттілігі жоқ. Діни экстремизм дегенде, оның артында міндетті түрде белгілі бір діни топтар, секталар тұратыны белгілі. Діни топтар болмаса, діни экстремизм атымен жойылар еді. Соңғы он жылда біздің қоғамда сәләфилік идеологиясы өзінің позициясын, діни танымын, ақидасын жүйелі түрде бекітіп алғаны рас. Сәләфизм ағымының негізгі принциптері ол идеология. Ал, идеология көзге көрінбейді, қолға ілікпегендіктен заңды түрде бұл ағымға тыйым салу күрделі мәселеге айналып отыр. Ол ағымға сырттан ғылыми көзқараспен қарайтын болсақ, діни танымы бірізділікке соншалықты қойылған, баяғы орта Азияда болған хужра діни оқу орындарының системасы еске түседі. Мысалы, олар ең алдымен Абдүл Уахаптың Үш негіз кітабын толық оқып шығады. Содан кейін Төрт қағида, содан кейін Кәшф шубухат солайша ибн Тәймияның үлкен кітаптары оқытыла бастайды. Енді біз, қоғам болып оларды қалай тоқтатамыз. Сәләфизмнің осындай деңгейлерден өткен азаматтарды дәстүрлі бағытқа қайтару мүмкін бе? Жоқ! Менің ойымша бұл мүмкін емес. Мәселе біз оларды қалай қайтарамыз десек. Қалада жүрген ескі-түскі көліктерден құтыламыз десек, сырттан ескі көліктерді кіргізбеу қажет. Екі жыл өтер не бес жылда ескі көліктер шіріп өзімен жоғалып кетеді. Тура сол сияқты жаңадан өсіп келе жатқан жастарды дәстүрлі дінге патриот етіп өсіру қажет. Ол үшін Түркістан қаласы мен еліміздің басқа да өңірлерінде, оларға дәстүрлі бағыт жайында жүйелі түрде ақпараттар берілуі мектептерден бастау алу қажет.
Б.Нуритдинов