Соңғы жаңалықтар

Ежелгі шығыстық (Мысыр) Грек діндері

Ежелгі Египет діні туралы «Өлілер кітабында» біршама деректер бар. Бұл кітапта басқа да деректер мол. Онда мумия туралы, о дүние туралы, қайтыс болғандарды жерлеуде айтылатын өлеңдер, әндер туралы нұсқаулар бар. Өлген адамдарды соттау жөнінде арнайы тарау бар. Сотты өлілердің Құдайы Осирис жүргізеді. Ежелгі Египетте көп құдайлық орын алған. Ежелгі египеттіктер құдайлар мен жындар әрекеттесе алады деп түсінді.

Сонымен қатар Египетте әртүрлі жануарларға табыну орын алды. Әсіресе, қолтырауынға табыну орын алды. Бұқаға табыну, жер жырту мен ер адамның күшіне табыну ретінде пайда болды. Қасиетті Апис бұқасына табыну көп кездесті. Ең жоғарғы құдай ретінде күн құдайы Ра танылды. Сондай-ақ құдайлардың әртүрлі аттары да болды. Атон – күн ең жоғарғы жалғыз құдай. Исида – ұлы ана құдай. Тот – ай құдайы. Себек – су құдайы, т.б.

Фараондар Ра құдайдың ұлы немесе құдайдың өзі деп танылды. Фараонға табыну орын алды. Пирамидалар Фараондардың мәңгілік өмір сүретін қабірі ретінде салынды.

Ежелгі Египетте абыздар үлкен рөл атқарды. Қасиетті табыну орындарында жоғарғы абыздар табыну рәсімін жүргізді. Абыздар Фараонға жақын адамдар болды. Олар сол кездегі білімдерді терең менгерді. Олар храмдарды басқарды және ұстап тұрды. Халық оларға ерекше күш иесі сиқыршылар ретінде қарады. Олар әртүрлі ғажайыптар да жасай алды.

Александр Македонский Египетті жаулап алды. Ол – Египеттегі Александрия қаласын салдырушы. Осы қалада әлемнің жеті кереметінің бірі «Александрия маягын» тұрғызды. Египеттіктер А. Македонскийге құдай ретінде табынды. Абыздар оны фараон және Амон құдайдың ұлы деп жариялады.

Ежелгі Грециядакөп құдайлық орын алды. Сондай-ақ діни-мифологиялық ағым да күшті дамыды. Грецияда құдайлардың арнайы пантеоны болды. Құдайлардың ең үлкені Зевс деп есептелді. Зевс – аспан құдайы. Олимпиада ұрпақтарының патшасы аса зор күш иесі Зевс болды. Зевс сөзі – көгілдір нұрлы аспан дегенді білдіреді. Әйел құдайы – Гера Зевстің заңды жұбайы болды. Зевстің інісі өлілер патшалығын басқарды. Екінші інісі Пасейдон теңіздерді басқарды немесе су құдайы деп аталды. Афина (әйел құдай) қалалар мен бекіністердің құдайы болды. Латон (әйел құдай) алыптар елінен шыққан Зевстен Артемида және Аполлон атты егіздерді туды. Артемида аңдар билеушісі, пәктікті сақтаушы, әйелдерді басқарушы. Әйелдер Артемидаға табынды.

Аполлон күміс жебелі, күн сәулелі, алтын шашты, күн сәулесін және мал табындарын сақтаушы, ғылым мен өнер, дәрігерлік, саз өнерінің қамқоршысы, жолдар мен жолаушылардың, теңізшілердің қорғаушысы, болашақты болжаушы, кісі өлтірушілердің көзін жоюшы құдай аталған. Аполон Күн ретінде, ал Артемида Ай ретінде танылды.

Зевс пен Гераның ұлы Арес – соғыс құдайы. Апата – алдау-арбау құдайы. Немезида – кек қайырушылық құдайы. Ника – жеңіс құдайы. Мойра – тағдыр құдайы. Гефест – ұсталық құдайы. Афродита – махаббат құдайы.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

ОКОЛО ТЫСЯЧИ ГРАЖДАН ПОЛУЧИЛИ БЕСПЛАТНОЕ ЛЕЧЕНИЕ В САНАТОРИЯХ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «GraMad» ГИПЕРМАРКЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ЖАҢА НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ

azatmedia

БАСПАНА ИЕЛЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ӨЗДЕРІ БАСҚАРАДЫ

azatmedia