Соңғы жаңалықтар

ANTIKOR.LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесті.
Жиында қатысушылардың назарына бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына енгізілген толықтырулар жеткізіліп, түзетулер таныстырылды.
Іс-шарада Департамент басшысы А.Жұмағали пандемия жағдайындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұжымының күнделікті жұмысының оңай еместігіне, аталған салада жемқорлықты болдырмау маңыздылығына тоқталды.
Онлайн режимде өткен кездесуде Асхат Жұмағали жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.
Өз кезегінде қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы А.Тулебаев мекеме тарапынан жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Кездесу соңында аталған салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық қағидаларын насихаттау мақсатында кешенді шараларды бірлесе жүзеге асыру келісілді.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарласуға болатындығы жеткізілді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаштықтардың сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 81 пайыздан асты

azatmedia

«9 мамырдан бастап ірі қалалар жабылады» – әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

azatmedia

РЕШЕНЫ 98% ЖАЛОБ, ПОСТУПИВШИХ В ЦЕНТР «IKOMEK 109» ЗА ГОД

azatmedia