Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Түркістан облысында жалпы саны 748 мешіт бар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат орындарында құлшылық жасау уақытша тоқтатылған болатын. Әлі де жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Демек, карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беру қажет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін үйде өткізуге үндейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп, 19 мамырда еліміздегі барлық мешіттер таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтіндігін баяндаған болатын. Осы ретте барша ағайынды Қадір кешін өз үйлерінде өткізуге шақырды. Сол себепті жамағаттан тәртіпке бағынуды сұраймыз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген. Сондықтан Алланың рақымы мен мейірімі ерекше төгілетін түнді құлшылықпен өткізейік. Жаратқан Жаббар Иеміз жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жүздесуді нәсіп еткей», – деді облыс имамы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының наиб имамы Сүлеймен Моллатілеу өңірдегі мешіттер жалпы халыққа карантин уақыты біткен соң ғана ашылатынын айтты. Әзірге еліміздегі карантин уақыты 25 мамырға дейін ұзартылған.
Айта кетерлігі, Қадір түнінде Yassi.kz сайтының Инстаграм парақшасында қала, аудандардың бас имамдары онлайн уағыз айтатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨНІМДЕРІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА 30 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру