Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өтті. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Отырыс барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелердің есептері тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, білім беру ұйымдары, ата-аналар және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын арттыру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтау және оларға уақытылы психологиялық қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар ата-аналар, педагогтер мен психологтардың өзара байланысын нығайту, балалардың эмоционалдық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу және психологиялық көмекке қолжетімділікті кеңейту мәселелері қаралды. Жасөспірімдердің күйзеліс пен қиын өмірлік жағдайларды еңсеру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шараларды күшейту тапсырылды.

Жиында жас ұрпақтың бойында адамгершілік, мейірімділік, өзара құрмет және жауапкершілік секілді рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді. Отбасы, мектеп және қоғам арасындағы бірлескен жұмысты күшейту арқылы балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау негізгі басымдықтардың бірі екені айтылды. Облыс көлемінде балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық әл-ауқатын нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл бағыттағы жұмыстар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға негізделеді.

Қатысты жаңалықтар

«Балам, қорықпа, мен Қажымұқан атаң боламын…»

azatmedia

Кредит кешірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – біржолғы акция»

azatmedia

АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

azatmedia