Соңғы жаңалықтар

Діни экстремизмнен сақ болайық

Қазіргі әлемде күдікті жаңа діни бағытты насихаттайтын діни ағымдар жоқ деп айта алмаймыз. Діни экстрмизмнің жіктері мен идеологиясын білгеніміз дұрыс.

Діни экстремизм – мемлекеттік құрылымды өзгертуге, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзуға бағытталған әрекет. Саяси мақсаттардың соңына түсу – діни экстремизмнен діни-саяси экстремизмді ажыратуға мүмкіндік береді.

Діни-саяси экстремизм – діни жорамал, не ұрандармен көмкерілетін немесе тасаланатын саяси әрекеттің заңға қарсы түрі болып есептеледі. Өздерінің мақсаттарына жету үшін күресудің күш қолданатын тәсілі – діни-саяси экстремизмнің ерекшелігінің қыры. Діни-саяси экстремизм әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу жолында келісімге, ымыраға келу, тіпті бітімгершіл мүмкіндіктерді теріске шығарады.

Діни-саяси экстремизмнің жақтастары, бірдей сенімдегілерді қосқанда, бұлардың саяси көзқарастарын ажыратпайтындардың бәріне қатынасы өрескел төзбестікпен айрықшаланады. Олар үшін ешқандай да «саяси ойын ережелері», рұқсат етілген мен етілмегеннің шекарасы болмайды. Мемлекеттік институттармен майдандасу – олардың мінез-құлқының стилі екендігі назарларыңызда болғаны жөн.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Белгілі қоғам белсендісі ішімдіктерді сатуды тежеуді ұсынды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ТӨЛЕНДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia