Соңғы жаңалықтар

Үкімет несиесі бар азаматтардың қарызын жеңілдету туралы тәртіп енгізді

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтардың проблемалық қарыздарын реттеудің жаңа тәртібі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға төлем жасау қабілетін қалпына келтіру және қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастыру мүмкіндігін беру мақсатында биыл 24 мамырда заңнамалық түзетулер енгізіліп, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап банктер және микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың кредиттер бойынша проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай және міндетті тәртібі енгізілгенін еске салды. Енді банктер және микроқаржы ұйымдары қарыз бойынша мерзімін өткізіп алу орын алған сәттен бастап қарыз алушы-жеке тұлғаның өтініші негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына және әлеуметтік мәртебесіне жеке талдау жүргізу арқылы борышкердің проблемалық берешегімен жұмысты бастауға және қайта құрылымдау шараларын әзірлеуге міндетті.

Қарызды қайта құрылымдау үшін мерзімі өткен берешекті реттеудің мынадай түрлері заңнамалық тұрғыдан белгіленді:

1) сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

2) қарыз валютасын ұлттық валютаға өзгерту;

3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру;

4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеудің кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басымдық тәртіппен өтей отырып, өзгерту;

5) қарыз мерзімін өзгерту; 6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, қарызға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою. «Банк немесе микроқаржы ұйымдары қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша өтінішті қараудан бас тартқан немесе келісімге қол жеткізбеген жағдайда, қарыз алушы  бір мезгілде кредиторды хабардар ете отырып, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш беруге құқылы», – делінген сауалға жауапта.

Қатысты жаңалықтар

Адамдық келбетіңді көрікті етер көркем мінез

azatmedia

Бейқамдық әкімшілік айыппұлға апарады

azatmedia

Қазақстан тарихындағы исламның рөлі

azatmedia