23 жастағы Алдияр Семедьяров бүкіл әлемдегі ең ақылды адамдардың басын біріктіретін «Менса» қауымдастығының мүшесі болып қабылданды, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Lada басылымының мәліметінше, Семедьяров Ақтауда туып өскен. 2016 жылы №4 мектеп-гимназиясын «Алтын белгімен» тәмәмдаған. Ол ҰБТ-да 124 балл жинады. «Мектеп маған көп нәрсені берді. Соның ішінде білімнің іргетасы мен тәртіп бар. Бұл Назарбаев университетінде одан әрі оқуыма септігін тигізді», – деп ағынан жарылды Алдияр Семедьяров.
Университетте оқып жүріп ол Work&Travel бағдарламасымен Америкада, сондай-ақ Германияда Leibniz University of Hannover-де болды. Содан кейін тағы да АҚШ-та, Буффало университетінде жазғы алмасу семестріне жол тартқан.
Алдияр алғаш рет «Менса» халықаралық қауымдастығы туралы 2016 жылы естіген. «Сол кезде де, үздік оқушы ретінде IQ-ге ресми түрде тест тапсыруға тырысқым келді. Өкінішке орай, Қазақстанда мұны жасау мүмкін емес екенін білдім. Маған бұл туралы бес жыл ұмытып кетуге тура келді», – деді Алдияр Семедьяров.
Екі ай бұрын Алдияр өзінің бала күнгі арманын еске алып, оны жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған. Ұйымға қабылданудың жалғыз талабы-ресми IQ тестін тапсыру. Тест офлайн-форматта өтті және 45 сұрақтан тұрды. Бұл үшін 20 минут беріледі. Бір аптадан кейін жас жігіт «Менсадан» ұйымға қабылданғаны туралы қуанышты хабар алған. Оның интеллект деңгейі Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады. Бұл әлем халқының 99%-ының интеллект коэффициентінен жоғары.