Соңғы жаңалықтар

Халық денсаулығы басты назарда

«Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.

Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер» – деп, халыққа Жолдауында президенттіміз сөзін бастаған болатын.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік сала және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орын­далып жатыр. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.


«Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрімек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек», – деді Мемлекет басшысы.


«Осы орайды Түркістан облысы Қызылжар ауданында бастамаларды қолдай отырып Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 2 дәріхана бар. Ол жерлерде 4 дәрігер, 24 мейірбике қызмет етеді және халықтың денсаулығы басты назарда» дейді, аудан басшысы.

Қатысты жаңалықтар

А.Құнанбаев атындағы білім ордасы ашылды

azatmedia

ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ГОРОДА ПРОИНСПЕКТИРОВАЛ ХОД СТРОИТЕЛЬСТВА ПОДСТАНЦИЙ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚШАЛАР ІЛІНУДЕ

azatmedia