Соңғы жаңалықтар

Сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші өсіп келеді

Еліміздің өңірлерінде іске асырылып жатқан сумен жабдықтау және су тарту секторына 30 миллиардтан аса теңге инвестицияланған. ҚР Үкіметінің басшысы А.Мамин елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және сумен жабдықтау мәселесінің маңыздылығын атап өтіп, аталған мәселені шешу халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер ететінін жеткізген болатын.

Үкімет отырысында «Қабылданып жатқан шаралар 2023 жылы халықты ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жол ашады», – деп те атап өтті ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

Осы бастаманы қолдай отырып, Түркістан облысы Қызылжар елді мекеніндегі су құбырларының құрылысына 697 млн, Жаскешу елді мекеніндегі ауыз су құбырларының құрылысына 108 млн теңге, жалпы 805 млн теңге қаралып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі ауыз су жүйесіне су айдап, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар кемшіліктер мен орын алған ақауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Бұл ҚР Үкіметінің тапсырмасы жергілікті атқарушы билік органдарында, соның ішінде тіпті аудан мен ауылдар және шалғай жатқан елді мекендерде жоспарға сай орындалып жатқандығының бірден бір нақты дәлелі.
Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқарылып жатқан істері мен жоспарланған стратегиялық іс-жоспары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бақылауында.

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министрге оқ жаудырды

azatmedia

Магистратура: грант иегерлерінің тізімі шықты

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ

azatmedia