Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Онда өңір басшысы аймақтағы балабақшамен қамту көрсеткіштеріне тоқталды.
Қазіргі таңда округ аумағында балабақша жасындағы балалардың жалпы саны – 1017. Оның ішінде 0-3 жас аралығындағы балалар саны 546, 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 471. Бүгінгі таңда балабақшамен қамтылғаны 1004 бала немесе 98,7 % құрайды.
Осылайша өңірдегі балабақшамен қамту көрсеткіші өте жоғары болып отыр. Ел ертеңі саналатын өскелең ұрпақтың жан-жақты болып есеюі үшін аудан әкімшілігі тарапынан түрлі ауқымды бастамалар көтеріліп, жүзеге асып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіші де жоғары деңгейде. Бұдан бөлек, жекеменшік балабақшалардың үлесі де күн сайын өсіп келеді. Мұның өзі өңірдегі аталған саладағы оң өзгеріске сеп болып отыр. Алдағы уақытта да игі іс жалғасады деп сендірді округ басшысы.