Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар есебін берді. Онда өңір басшысы ауылдық округтегі өзекті де өткір мәселелер жайын сөз етті.
Кабланбек ауылы Ж.Борашов, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және М.Мақатаев көшелерінің тұрғындары мен оқушылар Кабланбек ауылы арқылы өтетін Шымкент – Жетісай бағытындағы республикалық маңызы бар жолды кесіп өтеді. Автокөліктердің тынымсыз қозғалысынан тұрғындар мен оқушылардың өмірлеріне қауіп төніп, жол–көлік оқиғалары орын алуда. Шымкент–Жетісай бағытындағы республикалық маңызы бар жолға жаяу жүргіншілер жолы (зебра) белгісін және бағдаршам орнатуды қажет етеді.
Бұдан бөлек, Қабланбек ауылдық округі бойынша 6 заңсыз құрылыс нысаны анықталған. Бұл бойынша ақпан айында тиісті хаттамалар толтырылып, аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне хатпен жолданған. Заңсыз құрылыс бойынша ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан бақылауға алынған.