Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов қуанышты жаңалықпен бөлісті

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы оқытушыларды қағазбастылықтан арылтып, сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік туғызатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрі үкімет отырысында айтты. Оның айтуынша, білім сапасы бірінші кезекте оқытушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. «Сондықтан әріптестеріміз үшін қолайлы жағдай жасау басты назарымызда», дейді Асхат Аймағамбетов.

«Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап оқытушылардың жалақысы орташа алғанда 2 есеге жуық көтерілді. Оқытушыға бір ставкаға минималды түрде – 200 мың теңге, ғылым кандидатына – 260 мың теңге, ғылым докторына – 350 мың теңге, ал ұлттық университеттерде 400 мың теңгеге дейін жалақы төлеу бойынша шешім қабылданды», – деді ол. Министр тым үлкен оқу жүктемесі мен қағазбастылық педагогтарды сабаққа толыққанды дайындалуға қиындық туғызатынын атап өтті. «Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35%-ға қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін мүмкіндік берері сөзсіз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ШЫНЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

БҮГІН 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК САЙЛАУШЫ ТУҒАН КҮНІН ДАУЫС БЕРУДЕН БАСТАДЫ

azatmedia

Шымкент: Науқас қызды зорлау ісіне қатысты мекеме маманы түсінік берді

azatmedia