Соңғы жаңалықтар

Тазалық пен абаттандыру жұмыстары жемісін бере бастаған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебін берді. Онда өңір басшысы ауылдық округте тазалық пен абаттандыру жұмыстары жайына тоқталды.

Қазірде ауылдық округінің тазалық жұмыстарымен ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жеке кәсіпкер Айкулов Бердияр айналысып келеді. Қарамағында 1 ГАЗ 53, 1 МТЗ тракторы бар. 6 азаматты жұмыспен қамтып, бекітілген кестеге жұмыс жүргізіп келеді.

Қабланбек елді мекені Қазақстан, Шымкент, А.Сүлейменов және А.Молдағұлова көшелеріне түнгі диодды жарық шамдары орнатылып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Қабланбек елді мекендегі Шымкент–Жетісай бағытындағы республикалық жолдың бойында орналасқан пано қайта сырланып, ұранды сөйлем жазу жұмыстары жүргізілді. Қабланбек, Ташқұлақ, Зах, Жонарық, Қанағат, Ақниет елді мекендерінің орталық көшелерінің 371 дана түнгі жарық нүктелерін диодты шамдарына ауыстыру жұмыстарын «Сарыүйсін холдинг» ЖШС-і мемлекеттік сатып алудан жеңімпаз болып, жұмыстарды бастап кетті.

Қатысты жаңалықтар

TEDx форматындағы кездесу

azatmedia

Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар

azatmedia

ОТАН ОТБАСЫДАН БАСТАЛАДЫ

azatmedia