Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БҰЛШЫҚ ЕТІ …

Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған,
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан…
Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.
Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан…
Мұхтар Шаханов

Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасов жа­йында көптеген естеліктер, көркем фильм, хроникалық киноленталар бар. Ол кісімен кездескен адамдар айтып жүрген аңыз-әңгімелер де аз емес. Кейінірек шыққан Ғазизбек Тәшімбаев құрастырған «Күш атасы» жинағындағы («Қазақстан» баспасы, Алматы, 1990 ж.) естеліктерде оның палуандыққа қандай қиын жолмен келгені, бүкіл Еуропа, Америка, Азия халықтарына өзін қазақтан шыққан тұңғыш палуан екенін көрсеткені тәп-тәуір берілген. Оның ішінде Қазбек Сүлейменовтің «Палуанның балалық шағы», Дихан Әбілевтің «Алыптың ақ батасы», Әуелбек Қоңыратбаевтың «Өз аузынан естігендерім» бар.

Қадыр Мырзалиевтің «Бұлшық еті даланың» өлеңіндегі:
«Сайын далаң – өзің анаң, өз әкең,
Сол далаға тартпай туған аз екен.
Осындай ұл таба алам дегендей,
Тапқан сені қазекең», – деген шумағы кімді болса да бір тебірентіп тастайды-ау.

Сәкен Сейфуллин­нің «Қажымұқан», Сырбай Мәуленовтің: «Ұл тартып туса игі енді өзіңе» өлеңдеріндегі теңестіру, сипаттама, тірі адам түгілі, өлген аруақтардың өзін бір аунатып тастайтындай.

Қалиәкпар Әміржанов,
Қазақстанға еңбегі сіңген дербес зейнеткер,
мәдениет­танушы, ҚР мәдениет қайраткері. Адырна.

Қатысты жаңалықтар

Мектеп ғимараты жаңарады

azatmedia

Ең бай 50 адамның дәулеті ел халқының жартысы жиған байлыққа тең

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ ГОРОДА ОРГАНИЗУЮТ 52 ЗНАЧИМЫХ КУЛЬТУРНЫХ МЕРОПРИЯТИЯ

azatmedia