Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар есебінде карантин режимін қамтамасыз ету бойынша өңірде атқарылған жұмыстар жайына тоқталып өтті.
Карантин режимін қамтамасыз ету бойынша Қабланбек ауылдық округінде біршама жұмыстар атқарылған. Атап айтар болсақ, округ әкімі аппараты жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кезең-кезеңімен келген қаулылырында көрсетілген карантиндік талаптар мен шектеулерді (маскалық режим, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және т.б.) орындауды, округ аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Карантин талаптарын орындамаған «Мақтаарал» және «Береке» кафелеріне тиісті хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынған.
Әкімдік алдағы уақытта да маскалық режим, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды карантин талаптарын орындап, халыққа кеңінен насихат жүргізу жұмыстарын жүргізе беретінін мәлімдеді.