Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округіндегі мал шаруашылығының әлеуеті қандай?

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың 9 айында және  2022 жылы атқарылатын  жұмыстарының есебінде өңір басшысы мал шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

Ауыл округіндегі мал шаруашылығы турасында тарқата айтар болсақ, мал басы негізінен жеке тұрғындар есебінде. Ауылдық округ аумағындағы малды құжаттандыру мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп отыр.

2021 жылдың 9 айы барысында  мал басының санына келсек, ірі қара-  1285 бас, қой ешкі – 1377 бас, жылқы – 195 бас, құс – 1600 бас болып анықталып отыр.

Биылғы жылы ауылшаруашылық малын түрлі аурулардан сақтау және аурудың алдын алу мақсатында екпе егу және қораларды залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілген. Биылғы жылдың 9 айы барысында қаңғыбас ит мысықтардың көзін жою мақсатында 9 рет шара ұйымдастырылып  134 бас ит ауланып көзі жойылды. 

Қысқы мал азығын дайындау барысында ауыл тұрғындары бүгінгі күнде толық мал азығымен қамтылған.

Қатысты жаңалықтар

БАЛАЛАРЫ ОЙШЫЛ АЗАМАТ БОЛЫП ӨСТІ …

azatmedia

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

azatmedia