Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінің әкімі баяндаған 2021 жылдың 9 айындағы есебінде өңірдегі бюджет саласына қатысты ақпараттарға тоқталды.
Биылғы жылға ауылдық округі әкімі аппаратын қаржыландырудың жеке жоспары бойынша жалпы бөлінген қаржы 62 млн 990 мың теңгені құрайды. Оның ішінде ауыл әкімінің қызметін қамтамсыз етуге 23 млн 624 мың теңге, округі аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмысына 7 млн 25 мың теңге, көше жарықтандырудың электр энергиясына 2 млн 300 мың теңге, ауылдық округі аумағының тазалық жұмыстарына 1 млн 407 мың теңге, ауылдық округіндегі елді мекен көшелерін орта жөндеу жұмысына 28 млн 624 мың теңге қаралды. Осы жылдың 9 айында қаралған қаржы толығымен 100 пайызға игерілді.
Айта кету керек, Жемісті ауылдық округі екі елді мекеннен құрылған. Осы елді мекендерде бүгінгі күнге 830 отбасы, 7 ұлт өкілі, 5200 адам есепте тұрады.