Соңғы жаңалықтар

Қарапайым тұрғын джекпот ұтып алды

Австралияның Джипсленд аймағындағы Виктория штатының тұрғыны джекпот ұтып алды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жеңімпаз билетті 15 қыркүйек күні сатып алған. Бір қызығы, ол дәл осы сандар тізбегімен жиырма жылдан бері ойнап келген. Тұрғын тіпті таңдауы неліктен сол сандарға түскенін де ұмытып қалған. «Бұл менің туған күнімнің датасы. Мен бұларды біраз жыл бұрын таңдағанмын, қазір тіпті ұмытып та қалыппын» дейді ол.

Австралия тұрғыны осылайша 14,6 миллион австралия долларын ұтып алды. Жеңімпаз өз жұмысын жалғастыратынын айтқан. «Зейнетке шықсам, не істейтінімді білмеймін. Соңғы 30 жылдан бері жұмыс істеп келемін және тез арада жұмысты тастаймын дей алмаймын. Қазір жұмыстамын және шаруаларым өте көп» дейді.

Сондай-ақ ол: «Қаржыны отбасыммен бөлісемін. Жуық арада менің отбасым шын бақыттылардың қатарына қосылады» деді. Ал өзі қаржының бір бөлігіне көлік сатып алмақ.

Қатысты жаңалықтар

Масылдық жақсы қасиет емес

azatmedia

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТУДА

azatmedia

Жолдауы: 2021 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көбейтілді.

azatmedia

Пікір қалдыру