Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде жол сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл туралы ауылдық округ әкімі 2021 жылдың 9 айында және 2022 жылы атқарылатын жұмыстарының есебінде баяндады.
Ауылдық округіндегі автомобиль жолының жалпы ұзындығы 28,65 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1,4 шақырым республикалық, 3 шақырым облыстық, 6,25 шақырым аудандық маңызға ие. 18 шақырым ішкі жолдар үлесінде.
Бүгінгі таңда ауылдық округіндегі жолдардың 60,7 % асфальт, 28,5 % шағал, 10,8 % топырақ жол үлесінде екенін де тілге тиек ете кету керек.
2021 жылдың шілде айында Жемісті ауылындағы Алыбай батыр көшесінің 1,6 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жобалық сметалық құжатқа сәйкес қарастырылып, ашық конкурстан жеңімпаз мердігер анықталды. Жеңімпаз мердігер «СТ-СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Көшеге асфальт салынып пайдалануға берілді. Ауыз сумен қамту мәселесіне келсек, бүгінгі таңда Жемісті және Тың ауылдары сапалы ауыз сумен қамтылған.