Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаштықтардың сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 81 пайыздан асты

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында ауыз сумен қамту көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Биыл да сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары әкімдік тарапынан бақылануда.

Жалпы Сарыағаш қаласында 7 687 үй бар. Оның 6976 үйі, яғни 81% таза ауыз сумен қамтылған. Енді қалған бөлігіне сапалы ауыз су құбырын тарту жұмыстары қолға алынуда. Атап айтсақ, Самал-3 мөлтек ауданындағы 1600 тұрғын үйді таза ауыз сумен қамту мақсатында жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жоспарға сай жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаражат сұралып, іс басталады.

2021 жылы Телемұнара және Көктөбе аумағындағы 800 абонентке таза ауыз су пайдалануға берілді. Қызмет көрсетуші мекеме – «Сарыағаш Тұрмыс» МКК.

Аталған жұмыстар Сарыағаш қаласы әкімдігінің басты бақылауында екенін айта кету керек. Жоспар толығымен жүзеге асса, қаланың мыңдаған отбасы сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ В ЭТОМ ГОДУ ПЛАНИРУЕТСЯ ТРУДОУСТРОИТЬ БОЛЕЕ 33 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК

azatmedia

Беларусь шекарасын жауып жатыр

azatmedia