2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа кезекті жолдауын жариялады. Жолдаудың басым бөлігі еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттарына, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бағытталған болатын және әлемде болып жатқан індетпен күресте тыс қалған жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде; «Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға, науқастарға арналған орындар қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.» – деді.
Осы жолдаудан кейін түгел дерлік еліміздегі қалалар мен облыс және аудандар соның ішінде атап айтар болсақ 2021 жылы COVID-19 вирустық инфекциясына Аудандық Орталық аурухана толығымен әзірленді. Өкпе қабынуы, тыныс жетіспеушілігі шағымы мен түскен науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін орталықтандырылған оттегі станциясына қоса 4 ИВЛ аппараты сатып алынып жалпы саны 18 ИВЛ жұмыс істеп тұр. Қосымша 257 пульсоксиметр, 160 контактісіз тепловизоралды және соңғы заманауи үлгідегі тепловизор экран орталық емханаға орнатылды. Атқаратын қызметі келушілерге бет перде тағуды ескертеді және дене қызуын анықтап жаңғырық дауыста айтады. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 41 оттегі концентраторы, 70 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты, 2 дана манитор, 38 тонометр берілді. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы, вирусты пневмониямен ауырғандарды емдеу үшін 60 төсек орындық инфекциялық госпиталь жұмыс жасап отыр. Сарыағаш қаласында №12 коледжде 100 орындық карантиндік стационар орталық аурухансының жұқпалы аурулар бөлімінде 30 орындық инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр
Жатқызылған науқастар мен карантинге алынған бақыланушыларды және қала тұрғындарының көрсеткіштері бойынша сынама тапсыратын топтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау жұмысы толық ұйымдастырылып, қуаттылығы 500 сынамаға жеткілікті зертхана жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні коронавирус бойынша қалада жағдай тұрақты. Аудандық орталық ауруханада індетпен күресуге барынша жағдай жасалып, маусымдық қажеттілік туындаса жоспарлы жатқызылу тоқтатылып, бейінді мамандар тартылып, медициналық мақсаттағы заттар мен толық жасақталып жоспарға сай әрекет етуге дайын.
Аурухананың дәрі дәрмек және жеке қорғаныш киімдері мен залалсыздандыру құралдарының қоры 3 айға толықтырылған.