Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде кәсіп бастау мен жұмысқа орналастыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Дербісек ауылдық округі әкімдігі кәсіп бастағысы келетін тұрғындарға бар жағдайды жасап келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың насихаты да жоғары деңгейде жүргізілуде. Сөзіміз дәлелді бола түсуі үшін жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, кәсібін бастаған азаматтар жайында жазуды жөн көрдік.
Атап айтсақ, жыл басынан бері «Бизнес-бастау» кәсіпкерлік негіздерінде 10 адам оқытылған. Бұл жылдық жоспардың 37 пайызы саналады. Жаңа бизнес идеялары үшін 4 тұрғын қайтарымсыз грант алған. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша 65 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Қоғамдық ақылы жұмысты ұйымдастыруға 50 адам, жаңа жұмыс орындарына 31 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адам тартылған. Сондай-ақ 14 азамат жастар практикасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр. Мұның барлығы аудан әкімінің тікелей бақылауымен жүзеге асып жатқан шаралар екенін тілге тиек еткен жөн.