Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінің әкімі өңірдегі көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек турасында тарқатып айтты, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Дербісек ауылдық округінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 192 азамат өтініш білдірген. Орталықтан келген тексерудің нәтижесінде 175 азаматтың құжаттары комиссияға жолданған. Комиссиядан 162 азаматтың құжаттары орталыққа ұсынылып қаржыландырылған. Оның ішінен 16 отбасыға шартсыз, 146 отбасыға шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Бұдан бөлек өңірдегі кәсіпкерлер тарапынан да түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді. Аудандық әкімдіктің бастамасымен жүзеге асып жатқан аталған шараларға ауыл тұрғындары дән риза.
Айта кету керек, Дербісек ауылдық округі Дербісек және Атамекен елді мекендерінен құралған. Халық саны – 17 930 адам. Ауылдық округ бойынша 5 мектеп, 10 балабақша, 1 ауылдық емхана, 3 ФАП, 1 мадениет үйі, 1 «Казпочта» байланыс бөлімі, 1 селолық тұтынушылар кооперативі өз жұмысын жүргізіп, халыққа қызмет көрсетіп келеді.