Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінің шаруалары жылыжайларда көкөніс өсіріп, сатып, игілігін көріп отыр, – деп жазады Аnyqtimes.kz.
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша тыңдалған есебінде өңір басшысы аймақтағы шаруалардың көкөніс өсіріп, пайдаға кенеліп отырғанын айтты.
Қазіргі уақытта жалпы округ аумағында 62 гектар жылыжайдан көкөніс өнімдері өндірілуде. Күнделікті округ аумағынан 80-90 тонна көкөніс өнімдері шет қалаларға сатылады. Үш жақтама келісім кезең-кезеңімен орындалуда. Егістік жерлер сәуір айының басынан ашық және жабық су жүйелері ағын сумен қамтамасыз етіліп келеді.
Өңірдегі шаруалар да әкімдік тарапынан жасалып жатқан игі шараларға дән риза. Жылыжайларда көкөніс егіп, оны сатып жатқан тұрғындар пайдаға кенеліп отыр.