Соңғы жаңалықтар

Түлкібас: Төтенше жағдай комиссиясының кезекті отырысы өтті

Төтенше жағдайды алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Осы орайда бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан аумағындағы төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің қаулысына сәйкес жаңадан тағайындалаған комиссия төрағасы Бауыржан Ахметов жүргізіп отырды.

Комиссия мүшелері мен ауылдық округ, кент әкімдері қатысқан алқалы жиында алдағы қыс мезгіліне дайындық мәселесі басты назарда болды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы және аудандық «Тұрғын үй комуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысының орынбасары жалпы қыс мезгіліндегі орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық бойынша баяндамаларын жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап қатты.

Баяндамашылар өз баяндамаларында жауапты мекемелердің техникалық базалары мен республикалық, облыстық және аудандық жолдардың қыс мезгіліне дайындығына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, басқосу барысында аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімінің» басшысы Б.Әзімбаев жауапты мекемелер төтенше жағдайларға тәулігіне 24 сағат дайын болуын ескеріп, бекітілген алгоритімге сәйкес іс-қимылды тез арада орындау қажеттігін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Дін саласындағы мемлекеттік саясат жүзеге асырылып келеді

azatmedia

ОРДАБАСЫ: АҚЫЛДЫ ҚЫЗ – АУЫЛ КӨРКІ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ШЫНЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру