Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінің инфрақұрылымы жақсара түспек

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінің инфрақұрылымы жақсара түспек, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Өңір басшысы ауылдық округтегі инфрақұрылым мәселесіне айрықша тоқталған.

Атап айтсақ, тұрғын үй құрылысына беруге жоспарланған жер учаскесіне 9 шақырым жол салу (шағал жол төсеу) бойынша тиісті құжаттарымен бюджеттік өтінімдер ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылған.

Жарықтандыру мәселесіне келсек, өңірдегі 62 көшенің 18-көшесінде 786 жарық шамдары бар. Орын алған ақаулар мен лампалардың күюіне байланысты, оның 514 данасы электр үнемдегіш шамдарға ауыстырылған.

Айта кету керек, Дербісек ауылдық округі Дербісек және Атамекен елді мекендерінен құралған. Халық саны – 17 930 адам. Жер көлемі – 19070 га. Тұрғын үй саны – 2372. Отбасы саны  – 2779. Өңірде 16 ұлттың өкілі тұрады.

Қатысты жаңалықтар

Ашылмаған құпиялар әлі көп

azatmedia

Тұмаудан қорғану жолдары мен емделу әдістері

azatmedia

В ИНВЕСТИЦИОННОМ ШТАБЕ ШЫМКЕНТА ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ

azatmedia