Соңғы жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін құжаттар қабылданады. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деп мәлімдеді. Басқарма басшысы бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, тұрғындар сауалына жауап берді. Тұрғындар тарапынан негізінен қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтар қойылды. Жалпы тікелей эфирге 1000-ға жуық қала тұрғыны қосылды. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет. Құжаттарды Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады. Сонымен қатар Qoldau.kz электронды порталының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бөлімінде онлайн түрде қабылданады. Конкурстық құжаттар 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.

Қатысты жаңалықтар

Қарапайым тұрғын джекпот ұтып алды

azatmedia

Трамп Байденді басып озды: Бірнеше штаттың сауалнама нәтижелері белгілі болды

azatmedia

Қажымұқан өмірінен жаңа деректер

azatmedia