Басты жаңалықтар

Еліміздегі тұңғыш әрі бірегей білім ордасы өз жұмысын бастады

Елімізде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған біріңғай және кешенді мекеме өз жұмысын бастады. Анығырақ айтсақ, Шымкент қаласы Сайрам тұрғын үй алабындағы білім ордасының шаңырағы кеңейді. Мекеме енді Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі ретінде жұмысын жалғастырады.

Тариха шегініс жасасақ, мектеп-интернат колледжінің іргетасы 1916 жылы қаланған. 1961 жылы қайта жөндеуден өтті. Ал мекеме атауы 1979 жылы «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» болып өзгертіледі.

2020 жылы тозығы жеткен ескі ғимарат сүріліп, орнына заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат бой көтерген болатын. Құрылыс биыл толық аяқталды. Мекеменің жер аумағы 3,5 га аумақты қамтиды. Талапты жастардың талантын ұштап, өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал ететін мекемеде ерекше күтімді қажет ететін балаларға барлық жағдайлар жасалған. Мектеп ауласы бау-бақшамен көгалдандырылған. Алма, өрік, алхоры сынды жеміс ағаштары отырғызылған. Бүлдіршіндердің спортпен айналысуына да барлық мүмкіндіктер бар.

Бұдан бөлек, жаңа мектепте спорт залы, акт залы, жаздық спорт алаңшасы, асхана, техникалық және кәсіптік білім беруге лайықталған 4 ағаш өңдеу, 4 тігін шеберханасы жұмыс істеп тұр. Аспаздық өнерді меңгергісі келетін жастарға арналған жабдықталған бөлмелер, арнайы оқытуды қажет ететін балалардың бойындағы кемшілікті түзеуге мүмкіндік беретін коррекция бөлмелері, тіл кемістігі бар балалар үшін логопедия кабинеттері жұмыс істеп тұр.

Мекеменің мүмкіндігі артып, шаңырағы кеңейгенін тілге тиек еттік. Толығырақ толталсақ, алдағы уақытта ерекше күтімді қажет ететін балаларға техникалық және кәсіптік мамандықтарды да меңгеріп шығуға мүмкіндік беріледі. Мекеме қазіргі жұмыс нарығында сұранысқа ие аспаз, тігінші, ағаштан жасалған бұйымдарды жинаушы, ағаш шебері, аяқ киімді жөндеу шебері, компьютер операторы сынды мамандарды даярлайды.

Білім күні қарсаңында мекеме өз тәрбиеленушілерін қарсы алды. Қаланың, қала берді облыстың түкпір-түкпірінен келген балалар мен ата-аналардың мектеп басшылығына айтар алғысы айрықша. Шәкірттердің қуанышында шек жоқ. Ұстаздарын құшақтап, білім күнімен құттықтап жатыр. Осының өзі мекеме мамандарының кәсіби білімі мен тәжірибесінің мол екенін айғақтайды.

 Мұның бәрі ұжымды ұйыстырып отырған мекеме басшысына байланысты екені айтпаса да белгілі. Мекеменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің директоры, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Жадыра Таңатарова мекеменің 210 балаға арналғанын атап өтті.

Возможно, это изображение (1 человек, стоит и на открытом воздухе)

 Ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Саяси жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Иманқұлов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Рәшкүл Оспанәлиева, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі аймақтық Кеңестің төрайымы Гүлайым Шунгараева, «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының директоры Асқар Молдабек қатысты. Шара қонақтары осыншама атқарылған игі істің артында Жадыра Нағашыбайқызының ерен еңбегі жатқанын тілге тиек етіп, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына табыс тіледі.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға бар мейірімін төгіп, білім мен тәрбиені бойына сіңіріп жатқан мекеме ұжымының алдағы ісіне редакция тарапынан сәттілік тілейміз!

Қатысты жаңалықтар

Пара алғандарға ен салынады

azatmedia

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

azatmedia

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’ s Got Talent финалына өтті

azatmedia