Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ КӨБЕЮІ БАЙҚАЛЫП ЖАТЫР

AzatMedia.kz. Бүгін Шымкент қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалады. Бұл ретте 137 адамның вирус жұқтырғаны анықталған, оның ішінде 96-сы ПЕТРО КАЗАХСТАН қызметкері, 12 қосалқы қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерлері және олармен қарым қатынаста болған 29 адам. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті «Медикер» ЖШС көрсетеді.

Айта кетсек, 2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 60 жаңа зертханалық расталған СOVID – 19 жағдайы анықталды. Ал бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекцияның 404 жағдайы тіркелді (COVID-19).

Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары қоғамдық көлік қызметі өкілдері арасында да жүргізіледі.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.

Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. 16552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам (49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам (55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам (22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататын контингентті қамту – 40%.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру