Соңғы жаңалықтар

Президентті «балағаттаған» журналист 18 айға сотталды

Беларусь журналисі Сергей Гордиевич мемлекет басшысы Александр Лукашенконы балағаттағаны, милицияның екі қызметкеріне жала жапғаны үшін 18 айға сотталды, – деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бақылаушылардың пікірінше, 50 жастағы журналистің үкімін Беларусь билігінің тәуелсіз БАҚ-қа, адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділерге қысымының дәлелі ретінде қарастыруға болады.

Беларусь журналистері қауымдастығының мәлімдеуінше, сот Гордиевичті соттап қана қоймай, оған шамамен 1600 доллар көлемінде айыппұл салған.

Журналист тағылған айыптарды жоққа шығарған.

«Вясна» құқық қорғау орталығының хабарлауынша, шілде айында полиция белсенділер мен журналистердің пәтерлері мен кеңселерінде 200-ден астам тінту жүргізген. Ондаған журналист қамауда отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 2 МИЛЛИОН ТҮПКЕ ЖУЫҚ АҒАШ ПЕН ГҮЛ КӨШЕТІН ӨСІРЕТІН ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ САЛЫНДЫ

azatmedia

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛДЫ

azatmedia