Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ЕЛБАСЫ ҚАТЫСҚАН НЫСАНДАР

Хакім Абай музейі  

2009 жылдың 22 қыркүйегінде Шымкент қаласындағы, Абай саябағынан ашылды. Данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлына арналған музейдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, алғашқы көрермені ретінде жаңа ашылған музеймен танысып, өзінің оң бағасын берген.

Ұлы ақын, ұлт поэзиясының кемеңгері туралы Қазастан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп айтқан болатын: «Абай — біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс ». Бұл сөз барлық қазақ баласының көкейінде тұруға тиісті, қасиетті қағидаға айналуы қажет.

Музейде Абайдың ақындық мұрасы кеңінен насихатталуда. Жастардың Абай туралы ой-өрісін кеңейт, жастар арасынд отансүйгіштка сезімді арттыр, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, студенттерге Абайдың ұлылығын жан-жақты таныт біл, асыл қазына шығармаларына түсініп оқу, өлеңдерінің өміршеңдігін, маңызын түсіндіру, адам бойындағы асыл қасиеттерді танып білуга, достыққ, ұйымшылдыққы баулау мақсатында экскурсия өткізіліп тұрады.

Мұражай қазақтың ұлы ақыны, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Мұражай шағын бөлмені алады. Онда хакім Абайдың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер, этнографиялық экспонаттар, кітаптар мен мерзімді басылымдар, қолжазбалар жинақталған. Абай мен оның ізбасарларының әдеби шығармалары, сондай-ақ олардың әлемнің әр түрлі тілдеріне аудармалары ұсынылған. Мұражайда ХІХ ғасырдағы қазақ тұрмысының ерекше заттары көп. Кейбір экспонаттарды Шымкент музейіне Абай Құнанбаев республикалық мұражайы берді.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ СИМВОЛОВ СОСТОЯЛСЯ ПАРАД АВТОМОБИЛЕЙ

azatmedia

«Біз бақытты баламыз!»

azatmedia

Жаңа президенті сайланды

azatmedia