Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШЫҢҒЫС МҰҚАН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жергілікті ауруханалардың бүгінгі ақуалымен танысты. Шыңғыс Жұмабекұлы денсаулық басқармасының басшылары және БАҚ өкілдерін бастап бірнеше провизорлық орталықтарға, жұқпалы аурулар ауруханасының стационарларына барып, қаладағы эпид жағдайды көзбен көріп қайтты.

Шаһар басшысының бірінші орынбасары бастаған топ Асар шағын ауданында орналасқан Жұқпалы аурулар орталығы мен қалалық клиникалық балалар ауруханасы, Нұрсәттағы перинаталдық орталығы, «Атамекен» медициналық мекемесінде болды. Емдеу мекемелеріндегі жағдаймен жіті танысып шыққан Шыңғыс Жұмабекұлы қалада індет қайта өршігенін айтты.

– Қаламыз қайта қызыл аймақта. Ауырғандар саны күннен күнге артып келеді. Қазіргі уақытта коронавируспен күрес жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, індетке шалдыққандар ішінде жүкті әйелдер бар. Бір ғана Асарда орналасқан жұқпалы аурулар орталығында 150 науқастың 43-і жүкті әйел екен. Барша қала тұрғындарына айтарым сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Бүгінгі таңда қаладағы індет жұқтырғандардың 35 пайызында «дельта» штаммы анықталды деген ақпарат алып отырмыз. Бұл жолы ауырғандардың хәлі ауыр деп дәрігерлеріміз дабыл қағып отыр. Қоғамдық иммунитет қалыптасуы үшін шаһар халқының 80 пайызы вирусқа қарсы вакцинанциядан өтуі керек,- деді Шыңғыс Мұқан.

Қатысты жаңалықтар

ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ГОРОДА ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

azatmedia

2021 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы жарияланды

azatmedia

Зардап шеккендер үшін 17 миллион теңге берілуде

azatmedia