Соңғы жаңалықтар

ӨМІРІ ӨНЕГЕ ОЗҒАНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаевпенкездесу өтті.

Жиынға зиялы қауым, ақын-жазушылар, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, мүшелері және бірге қызмет жасаған жолдастары, БАҚ өкілдері мен көпшілік оқырман қауым, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

-Бар саналы ғұмырын білім беру саласымен тәуелсіз елдің дамуына арнаған Өмірзақ Озғанбаевтың өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге, жастарға патриоттық рух беріп, еңбексүйгіштік қасиеттерге баулиды. Профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері еңбек жолын мектеп мұғалімдігінен бастап, аудандық, қалалық партия комитеттерінде, облыстық «Білім» қоғамдық ұйымында, Маңғышлақ облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасында лауазымды қызметтер атқарған. 1988-1990 жылдары – Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры. 1990-1994 және 1995-1996 жылдары – Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастығы. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі комитетінің мүшесі. 1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы, Қазақстан халықтық бірлігі партиясы фракциясы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары – Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті. 2002-2004 жылдары – Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің проректоры. 2004 жылдан – «ҚазМұнайГаз» Кен Барлау» АҚ бас директорының кеңесшісі, «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының кеңесшісі. 2007 жылдың қазанынан – Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. 2013 жылғы наурыз айынан бастап «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы. Міне, ағамыздың қайраткерлік қасиеті осындай, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Ал еңбек ардагері Алданазар Құрманбаевтың айтуынша, Ө. Озғанбаев 50-ден астам ғылыми жарияланымның және бірнеше кітаптың авторы. «Құрмет» орденімен, 8 медальмен марапатталған. Іс-шара барысында 5 томдық «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан», «Тарих тағлымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар», «Тағзым» атты жинақтары көпшілікке таныстырылды.

Өмірі өнермен өрнектелген Өмірзақ ағамен жүздесуде ғылыми естеліктер де, саналы ойлар да ортаға салынды. М.Кенжебай. 

Қатысты жаңалықтар

Хиджаптағы қыз шашынан сүйреген оқушының анасы жанайқайын айтты

azatmedia

Азаматтар тұрақты медициналық емін қабылдауда

azatmedia

49 жастағы тележүргізуші мөлдір матадан көйлек киіп, желіні шулатты

azatmedia