Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым және инженерлік жүйелердің құрылыс барысын аралап, жұмыс сапасымен танысты.

Алдымен «Асар-2» шағынауданының газ, ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Шағынауданда ауыз су жүйелерінің құрылысына жауапты мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Су жүйелерінің ұзындығы – 156,1 шақырым. Бүгінге дейін 65 % жұмыстар орындалды. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша атқарылуда.

«Монолит дизайн» ЖШС кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Кəріз жүйелерінің ұзындығы – 39,6 шақырым. 10 % жұмыстар орындалған.

Табиғи газ жүйелерінің құрылысын «Отау строй» ЖШС атқаруда. Бүгінде 60 % жұмыстар орындалды. Газ жүйелерінің ұзындығы – 50,04 шақырым. Құрылысты аяқтау мерзімі – кестеге сай.

Сондай-ақ, электр қуатымен қамту бойынша мердігер «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар аяқталған. 87,2 шақырым электр желісі тартылып, РП – 1 дана, КТП – 24 дана орнатылды.

Асар-2 шағын ауданында жаңадан салынып жатқан электр жүйелерінің қосылу көзі болып табылатын 110/35/10 кВ «1-М-1» және «Бозарық» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталуда. Аталған екі электр таратушы қосалқы станциялардың құрылысы аяқталған соң, Асар-2 шағын ауданы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Дауыл тұрып, бұршақ жауады

azatmedia

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

azatmedia

«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

azatmedia