Санатталмаған

СУ ШАЙҒАН КӨПІРЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ. Күні-түні жүргізілген тынымсыз жұмыстың арқасында қысқа мезгілде өткелдер толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы да тұрақты.

Сонымен қатар Төлеби ауданының Қасқасу, Кенесарық, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, Достық және Леңгір қаласының аумағында орналасқан елді мекендерінде жиналған жаңбыр суынан тазалық жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Тасқын судан зақым келген аудандық және облыстық маңызы бар көшелерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, келтірілген залал шығындары есептелуде.

Еске сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласын су шайған. Орын алған жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайға байланысты, жедел штабқұрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Атап өтер болсақ, судан келтірілген залалды жою міндеті Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарына бекітілді.

Су басқан аймақтарды ретке келтіру жұмыстарына 300-ге жуық адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру