Санатталмаған

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынады,  деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz. Аудандағы топан су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде.

Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген. Сондай-ақ, көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай түрі жөнілтіліпті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай мәлім етті.
Бөлім басшысының айтуынша, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары су басқан ауылдарда тәулік бойы жұмыс істеуде. Ондағы мақсат – тұрғындардың балық аулауына тиым салып, улану фактілерінің алдын алу.

«Біз 12 мамыр күні су басқан елді мекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 3 дана сазанды ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы зертханасына жолдадық. Бұдан бөлек, 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай балығын Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына да жөнелттік. Сараптама қорытындысы алдағы аптада дайын болады. Соған дейін тұрғындардың сарқынды судан балық аулауына тыйым салынады», – дейді Шәкен Боранбай.

Топан су кезінде үй жануаларының өлексесі көбеюіне байланысты осы аумақтарда өлекселермен қоректенетін шибөрілердің саны көбейген. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы «Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы» №480 бұйрығына сәйкес тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы қаруы әзірленіп, 45 мың теңгеге 300 дана оқ-дәрі сатып алынған. Қазіргі уақытта осы ауылдардағы шибөрінің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олжаланған шибөрілер аудандық ветеринария бөлімшесіне өткізілетін болады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру