Соңғы жаңалықтар

«Ashyq» жобасының мақсаттары түсіндірілді

Бәйдібек аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Гүлбану Бекбосынова: аудан әкімшілігі аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдер басшылары мен мамандары және ауылдық округі әкімдерінің қатысуымен мобильді топ мүшелеріне мобильді топ жұмыстарының алгоритімін түсіндірді және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021 жылғы «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» 18 қаулысын негізге ала отырып: «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік – экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарын жобаға жаңа қатысушыларды қосу алгоритмімен, жобаға енгізу және «сары\қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау, жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасына шығару алгоритмдерімен таныстырылып, жалпы жобаның мақсаттары түсіндірілді.

«Ashyq» жобасы – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы, ал мақсаты – пандемия жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Яғни, келуші қоғамдық орынға кірерде QR-кодты сканерлеп, өзінің статусын анықтайды. Ал оларға статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Сovid-19 инфекциясын бақылау орталығының ақпараттық жүйені салыстыруы негізінде тағайындалады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ 2042 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ГОРОДА ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

azatmedia

«Қалыңдығы байқап қалған» – Таңғаларлық оқиға орын алды

azatmedia