Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бәйбібек ауданында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жүргізуге арналған жиын өтті, деп хабарлайды anyqtimes.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жиынға аудандық медицина, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынға арнайы келген облыстық міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан заңгерлік істер жөнінде сарапшысы Қанат Қамбаров пен халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Гузаль Сабыржанқызы күн тәртібінідегі мәселе бойынша хабарлама жасап түсіндірді.

Өз сөзінде басшы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты — азаматтардың денсаулығын қорғау болып саналатынын айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі – ол халықтың денсаулығын қорғау аясындағы мүдделерінің әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйеге қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмек көмегін қамтамасыз ету керектігін айтып, жиналған азаматтардың сұрақ- ұсыныстарын тыңдады.

Қатысты жаңалықтар

БУЛЛИНГСІЗ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛІК КЕЗДЕСУ

azatmedia

ВНЕСШИМ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ ГОРОДА ПРИСВОЕНО ЗВАНИЕ «ПОЧЕТНЫЙ ГРАЖДАНИН ГОРОДА ШЫМКЕНТ»

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ДЕПУТАТТАР МҰҚТАЖ ЖАННЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ТАРТЫП БЕРДІ

azatmedia