Соңғы жаңалықтар

Келестің бақша өнімдері көрші елдерге экспортталуда

Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі егілген егістік көлемін жүз пайызға орындап отыр, деп хабарлайды azatmedia.kz.

Жалпы Жамбыл ауылдық округі бойынша 458 гектар жердің 338 гектарына бақша өнімдері және 30 гектарына жоңышқа, ал 90 гектарына бір жылдық екпе шөп егілген.

Бүгінгі таңда бақша өнімдерінің әрбір гектарына 25-30 тоннадан өнім алған.

Алғашқы өнімдер Ресей еліне экспортталды. Қалған өнімдер басқа да өңірлерген жөнелтілді.

«Былтырғы жылдан биылғы жылы өнімді жақсы алдым. Алғашқы өнімді келісін 60 теңгеден сатсақ, кейінгі өнімдерін 30 теңгеге саудаладық. Әр 3 гектар жеріне 2 млн.теңге табыс тауып отырмыз. Карантиндік режим бізге әсер еткен жоқ»,-дейді, «Жамбыл» өндірістік коперативінің басшысы Махамбет Қасымбеков

Айта кетейік, Жамбыл ауылдық округі «Жамбыл» өндірістік коперативінің меншігінде 120 гектар жер бар, соның 70 гектарынан өнім алып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА МӘУЛІТ КЕШІНДЕ 6 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Діни бостандық және зайырлы мемлекет

azatmedia

Пікір қалдыру