«Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері «??? ????????!» деп аталатын жаңа еріктілер қозғалысын іске қосты. «30 игі іс» республикалық акциясы барысында ауданның жас депутаттары Абылай Жакыпов, Жанар Бауыржанкызы, Асқар Кенехан, «Ауыл» партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Дәуір Ахатаев өз үлесін ерікті түрінде азық түлік себеттерін таратуды ұйымдастырды. Олардың әрқайсында бір отбасыға керекті азық түлік жиынтығы бар. Ауданымыздың «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Закария Сержанұлы «Жастар-Отанға!» 5 жылдық бағдарламасы аясында ерікті ретінде өз үлесін қосты. Алдағы уақытта жас еріктілерді осындай іс шараларда бірлесе жұмыс атқаруға шақырады. Еріктілер қозғалысы карантин кезінде азаматтарды қолдау үшін Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған акцияның атымен аталады. Өткен жылы «Biz Birgemiz!» акциясы аясында еріктілер жұмыстар атқарды. Қазір «30 игі іс» акциясы аясында осы жастармен жүйелі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «30 игі іс» акциясы шеңберінде әр ай белгілі бір тақырыпта мамыр –«Bіrlіk», маусым – «Shapaǵat», шілде – «Baqytty otbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk»- атты іс шаралар ұйымдастырылатын болады.Жалпы 20 отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық