Соңғы жаңалықтар

Ордабасы ауданында салтанатты шара өтті

21 мамыр – Қазақстан мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Атаулы күнге орай Ордабасы ауданында салтанатты шара өтті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кәсіби мерекесінде сахналық қойылым арқылы театр өмірін өрнектеп, көрерменге қызығы мен қиынын жеткізді. Жиында сөз алған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков: – Мәдениет пен өнер – адамды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғырудың маңызды бөлігі болғандықтан, мәдениет саласына қолдау Ордабасы ауданында да жүйелі жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, бүгінде 4 мәдениет үйі жөндеуден өтіп, 2 ауылда мәдениет ошағы пайдалануға берілді. Ендігі кезекте тағы 2 ауылдық мәдениет үйін жөндеп, 4 ауылдық клубты жөндеуден өткізуді жоспарлаудамыз. Қазіргі таңда тиісті құжаттандыру сатысы жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді. Ордабасы – ел тарихында қазақ рухының қағбасы ретінде ғана емес, ұлттың мәйегіне айналған қасиетті мекен ретінде де қалуы тиіс деп білемін, – дей келе, мәдениет саласы қызметкерлеріне ізгі ниетін жеткізіп, сала үздіктерін Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай Әбдіхалық та сөз алып, жүрекжарды құттықтауын арнады.

Қатысты жаңалықтар

Шымкент: Құдықта бірнеше жылдан бері жатқан әйелдің мәйіті табылды

azatmedia

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

azatmedia

ҚАЖЫМҰҚАН КӨТЕРГЕН ТАС

azatmedia