Соңғы жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақ жаулықты әжелеріміздің алтындай ақылы қашан да болашаққа бағдар бола алады. Қоғамда әжелер алқасы өзінің айрықша орнымен белгілі. Өйткені, үлкен әжелер өкілдерінің ақыл – кеңесі мен тәжірибелері қазіргі таңдағы өсіп келе жатқан қыз, келіншектерге, қарындастарымызға қажет. Тиісінше, бұл ауданның да әжелер алқасы жастарға тәрбие беру, ұлттық салт – дәстүрді насихаттауда талмай еңбек етуде. Бүгін Ордабасы аудандық мәслихат хатшысы Әбдіхалық Қасымбай Жақанұлы аудандық әжелер алқасының бір топ ауданымызға жанашырлық танытып жүрген әжелерімізді қабылдады. Қабылдауда әжелер кеңесінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы талқыланды. Бүгінде аудандық әжелер кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Кездесу соңында ақ жаулықты әжелеріміз өз ойларын ортаға салып, мәслихат басшысына ақ батасын беріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Сондай-ақ, әр қашанда ауданымыздың дамуы мен ішкі ахуал тұрақтылығын сақтауға бағытталған тың бастамаларға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТУДА

azatmedia

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Боратты» ұстады

azatmedia

ДЕРБІСЕКТЕ «30 ИГІ ІС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА!

azatmedia