Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында әкімдік тарапынан кешенді шаралар атқарылып жатыр. Нәтиже жоқ емес. Толығырақ тоқталайық…
Қалада бос жұмыс орындарымен қамту жылдық жоспар 1213 адам болса, 9 айда нақты 404 адам бос жұмыс орындарына орналасып, жоспар 33,3 % пайызға орындалған.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 38 адам болса, 9 айда нақты 44 адам қамтылып, жоспар 115,8% пайызға орындалған. Жастар практикасының жылдық жоспары 82 адам болса, 9 айда нақты 143 адам жастар практикасына қатысып, 174,4 % пайызға орындалды. Қоғамдық ақылы жұмысқа тарту жылдық жоспар 461 адам болса, 9 айда нақты 567 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып 123 % пайызға орындалды. Сарыағаш қаласында жұмыссыздық деңгейі 3% пайызды құрайды.
Бұдан бөлек, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратына есептік кезеңде 14 ана «Алтын» алқа, 49 ана «Күміс» алқаға құжаттарын тапсырды. Мектептерде ыстық тамақ ішу үшін көпбалалы және аз қамтылған 265 отбасыға акт жазылды. Сарыағаш қаласынан өтініш берген екі қарияны қарттар үйіне орналастыру бойынша жұмыс жүргізіліп, акт толтырылған.