Соңғы жаңалықтар

«Алтын орда» базарындағы төбелестің мән-жайы белгілі болды

Алматы маңындағы «Алтын Орда» базарында болған төбелеске қатысушылар туралы полиция мәлімдеме таратты. Төбелес тұраққа ақша жинайтын жігіт пен жүргізуші арасында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Видео әлеуметтік желідегі түрлі топтарда кеңінен тарап жатыр.                  

«30 наурызда «Алтын Орда» базарына келгенде, «парковщик» тұрақ үшін  100 теңге сұрады. Бірақ жүргізушіде 20 000 қолма-қол ақша болғандықтан, ол Kaspi-ге аударуды ұсынды, «парковщик» одан бас тартты да «кетіп қал» деді. Содан төбелес басталды, шабуыл жасаушы есінен танды», – дейді видеоны таратқан оқиға куәгері. 

Жүргізуші пышақ ала жүгірген автотұрақтағы жігітті баспен ұрып жарақаттаған. Бұған ашуланған өзге де ақша жинайтын адамдар жүргізушінің көлігін зақымдаған. Көлік салонындағы қыздың шабуыл жасаушылардан қорқып, жылағанын байқауға болады. Оқиғаның бүгін таңертең, яғни 30 наурызда Алтын Орда базарында сағат орын алғаны белгілі болды. 

Бұл оқиғаға қатысты Алматы облысытық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, аталған дерек әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында  анықталған. Оқиға орнына Қарасай аудандық полиция басқармасының жедел – тергеу тобы шыққан. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта бейнежазбаның барлық қатысушылары анықталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында екі тараптан да жауап алынатын болады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқыс оқиғаның барлық фактілері, себептері мен мән-жайлары анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген тиісті мекеменің хабарламасында.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

azatmedia

ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАСТАРҒА – РУХАНИ ОРТАЛЫҚ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҮШ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia