Шымкент қалалық Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев №6 Ж.Баласағұн атындағы мектептің «соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасына қатысты. Аталған іс-шарада бітіруші түлектерді және ата-аналарды құттықтап, үлкен өмірге қадам басқан болашақ азаматтарға ақ жол тіледі. Мектеп мұғалімдеріне ерең еңбегі үшін қала әкімі М.Әйтеновтің атынан алғыс және құттықтау сөз сөйледі. «Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бұл – барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сіздердің осы мерекелеріңіз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға және еліміздің дамуына үлкен үлес қосатындарына сеніп, ізгі тілегімді арнаймын», – деді Әлжан Әлішерұлы.Айта кетейік, аталған мектеп 1923 жылы Сантонин зауытының (қазіргі Санто АҚ) қарамағында шіркеулік мектеп ретінде негізі қаланған. 1927 жылы мектепті жеті жылдық өтіп, кейін Ф.Дзержинский есімі берілген. Келесі жылы бұл мектеп 100 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Алдынғы жаңалық