Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қарақұм» жалпы орта мектебінде Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру «Оқуға құштар мектеп» жобасында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтырудың аса маңызды міндет екендігін атап өтуіне байланысты «Кітап -қазына, кітап – байлық» тақырып аясында іс – шара болып өтілді. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ә.Қ.Нұрсейітовке берілді. Мектеп кітапханасында осы жобаны іске асыру мақсатында 2021 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің акциясы аясында 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани – мәдени акциясы ұсынылды. Осы акция барысында кітапхана 65 дана кітаппен толықтырылды. Аудандық, мектепшілік «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтілген іс – шараларында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыздың орындауында ақын – жазушылардың шығармаларынан үзінді тыңдалды. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы еліміздің ертеңі жас ұрпақты барынша кітап оқуға қызықтыру, ол үшін барлық жағдайды жасау басты мақсат. Жастарымыз кітап оқуға деген қызығушылықтары артсын, оқуға құштар ұрпақ бабалар арманын жүзеге асыра берсін деген тілек айтты. Жобасына үлес қосу мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына арнайы мектептің түлегі Түркістан облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы көптеген кітаптар табыс етті. Сонымен қатар мектебімізге еңбектері сіңген ұстаздарымыз Тәліпбай Гулзипа төс белгімен Зиябек Гүлдана және Қалдыбек Гүлбалалар «Алғыс хатпен» марапатталды. Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлы да мектепке өз үлесін қосты. Келешек ұрпақтарымыз білімді, кітапқұмар, ізденімпаз болсын!
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық