Соңғы жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ҮСТІНДЕ

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жиын өткізді, деп жазады партияның аудандық филиалына сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Бүгін «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Байдуллаұлы мен аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ғани Ахылбекұлы, комиссия мүшелері Ордабасы ауданы көлемінде 2020-2021 жылдары мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жергілікті және аймақтық маңызы бар автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Е.Бұхарбаевтың есебін тыңдады. Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан нақты ұсыныстар берілді, сонымен қатар Қажымұқан ауыл округі Амангелді ауылындағы төселініп жатқан аяқжолдың сапасына мониторинг жасалды. Келесі Партиялық бақылау комиссиясының отырысы маусым айына жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЗАДОЛЖЕННОСТЬ ПО ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЕ ВЫПЛАЧЕНА ОКОЛО 2000 РАБОТНИКАМ

azatmedia

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

azatmedia

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

azatmedia