Ордабасы ауданында «Nur Otan» фракциясының депутаттары тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастырып келеді. Бүгінгі кезекті қабылдаудың бірі халық қалаулысы Бақдаулет Құрманбекұлының қатысуымен «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті. Қабылдауға келген көп балалы және жалғыз басты аналар бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмек сұрап, қазіргі таңға қиын тұрмыстық жағдайларын жеткізді. Қажымұқан ауыл округі Ынталы ауылының тұрғыны көп балалы ана Д.Акбарова Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмек сұрап келді, бұл бойынша арнайы аудандық көші-қон полициясының қызметкері шақыртылып, толыққанды егжей-тегжейлі заңға сәйкес түсіндірме жауап берілді. Сонымен қатар Ұялыжар ауылының тұрғыны А.Исақ мамандығы «электромонтажник», қазіргі таңға жұмыссыз, 4 баланың әкесі екендігін айтып, тұрақты жұмыспен қамтуды сұранды, бұл мәселе бойынша Б.Джумабеков өзі аудандағы басқарып отырған «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-не қарасты Қайнар және Ұялыжар ауылынан мамандығы бойынша екі бос жұмыс орны ұсынылды. Қабылдауда болған аудан тұрғындары депутатқа және жетекші партияға алғысын білдірді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық